24.03.2018, 13:15 747 Қазақстандық боксшы АҚШ-та чемпиондық титулға ие болды

23 жастағы қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (6-0, 5 КО) тәжірибелі доминикандық Луис Инохосаны (31-13, 18 КО) жеңді.

Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel аренасында өткен он раундтық жекпе-жекте Тұрсынғалиев жеңіске жетті. Осылайша, Мұса бос тұрған жартылай жеңіл салмақтағы «жастар» IBF чемпион белбеуі мен WBA NABA титулын жеңіп алды.

Енді қазақстандықтың ресми рекорды - 7-0, алайда кейін BoxRec.com сайты оны Мексикадағы бірнеше табысты айқастармен толықтыруы мүмкін. Қазақстандықтан жеңіліп қалған Инохоса кәсіби жекпе-жекте 14-ші рет жеңіліп қалды.

Айта кетсек, Тұрсынғалиев былтыр қарашада кәсіпқой рингке шығып, 27 күннің ішінде сегіз рет жекпе-жек өткізіп, мексикалық боксшыларды жеңіп үлгерді. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал