13.08.2018, 11:35 798 Қазақстандық боксшы белгісіз мерзімге бокстан шеттетілді

BoxRec.com порталындағы ақпаратқа қарағанда, жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шыңғысхан Тәжібайды Нью-Йорк штатының Атлетикалық комиссиясы бокстан шеттетті.

Боксшының дисквалификациясының мерзімі қашанға дейін созылатындығы анықталмаған, яғни ол белгісіз мерзімге бокстан шеттетілген. Шыңғысханға дисквалификация берілуінің себебі де анық емес.

Ол 24 тамыз күні Цинциннати (АҚШ, Огайо штаты) қаласында жекпе-жек өткізуі тиіс еді, енді ол кездесу болмайды.

Қазақстандық боксшы соңғы рет сәуір айында америкалық Айзек Фримэнді (3-7-1, 3 КО) жеңген еді.



  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал