26.03.2018, 18:19 769 Қазақстандық боксшы рейтингте 231 саты жоғарылады

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Арман Рысбек (3-0, 2 КО) үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Аргентинаның Авельянеда  қаласында өткен бокс кешінде ол жергілікті былғары қолғап шебері Хонатан Эсекьеля Агиррені (3-4, 0 КО) 4 раундтық кездесудің алғашқы раундында-ақ сұлатып салды. Бұл жеңістен кейін қазақ жігіті BoxRec.com сайтының рейтингінде өз салмағы бойынша 231 саты жоғарылап, қазір 464-орында тұр.

Бұған дейін оның менеджері Фархад Шарипов Арманның келесі кездесуі 6 сәуір күні Аргентинаның Кильмес қаласында өтетінін айтқан. Қарсыласының есімі әзірше жарияланған жоқ. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал