16.06.2018, 10:12 698 Қазақстандық боксшылар Канадада ұрыс алдындағы салмақ өлшеуден өтті

Қанададағы Шавиниган қаласында (Квебек провинциясы) қазақстандық өкілдер де қатысатын бокс кеші алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Супер орта салмақтағы Нұрзат Сабиров (6-0, 5 КО) өзінің мексикалық қарсыласы 40 жастағы Гильермо Ромеромен (12-6, 9 КО) бетпе-бет кездесті. Олардың жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген.

Ал бірінші орта салмақ дәрежесіндегі Садриддин Ахмедов (2-0, 2 КО) өзге мексикалық, 38 жастағы Густаво Гарибаймен айқасады. Бұл 6 раундқа созылады.

Бокс кеші 16 маусымда (Қазақстан үшін 17 маусымның таңы) Centre Gervais Auto алаңында өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал