13.03.2018, 12:08 1042 Қазақстандық боксшылар Польшадағы турнирге қатысып жатыр

Польшаның астанасы Варшавада Феликс Штамм халықаралық турнирі 35-ші рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Қазақстандық бокс федерация сайтына сілтеме жасап.

Айтылған додаға еліміздің атынан барлық салмақ дәрежесінде 10 боксшы қатысып жатыр.

Жақында алғашқы кездесулер болып өтті. Берік Әбдірахманов (60) ресейлік Артур Субханкуловқа жол берсе, ал Азамат Исақұлов (52) Израильден келген Давид Алавердянды тізе бүктірді. Асланбек Шымбергенов (69) польшалық спортшы Максимилиан Гибадлоны 5:0 есебімен күйретіп, 1/4 финалға жолдама алды.

Бүгін Штамм турнирінде Бекдәулет Ибрагимов (64),  Ержан Жомарт (49), Ілияс Сүлейменов (56) және Айболды Дәуренұлы (+91) шаршы алаңға шығып, бақ сынайды.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал