23.04.2018, 13:34 814 Қазақстандық дискобол Беларусьта өтетін турнирге қатысады

Беларусьтың Брест қаласында КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Евгений Шукеевичті еске түсіруге арналған жеңіл атлетика турниріне қазақстандық дискобол Мария Телушкина қатысады.
ҚР Жеңіл атлетика федерациясының таратқан мәліметтеріне сүйенсек, дәстүрлі турнир биыл 26-28 сәуір аралығында өтеді.
Евгений Шукеевич балға лақтырудан көптеген спортшыларды дайындаған жаттықтырушы. Василий Руденков, Ромаульд Клим секілді Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген.
Бұл жарыс осымен 34-рет ұйымдастырылғалы отыр. Жарыстың жылдан-жылға танымалдылығы артып, оған көптеген белгілі атлеттер қатысып жүр.
Брестте ядро серпушілер, найза, балға, диск лақтырушылар әртүрлі жас категориясы бойынша жүлдеге таласады.
Дискоболдар арасындағы сайыс 28 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша 12:00-де басталады.
Мария Телушкинаның жеке бапкері, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының қола жүлдегері Татьяна Лесовая халықаралық додалардың спортшылар үшін маңызы зор екенін айтады. Өйткені біздің атлеттер мұндай сайыстарға аз қатысады. Кез келген халықаралық жарыс спортшыға шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал