25.03.2018, 20:27 740 Қазақстандық дзюдошы Германияда «қола» жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Камила Берликаш (78 кг +) Германиядағы Тюрингия кубогында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

21 жастан жоғары спортшылар арасындағы жарыста Берликаш «қосымша раунд» арқылы медаль үшін күреске қол жеткізді. Отандасымыз жергілікті спортшы Рени Лаштаны жеңді.

Турнирге әлемнің 16 елінен 500 дзюдошы қатысты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал