29.10.2018, 12:19 7290 Қазақстандық дзюдошы «Grand Slam» турнирінің қола жүлдесіне ие болды

Абу Дабиде өтіп жатқан «Grand Slam» турнирінде қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Жұбаныш финалында Әлем чемпионы иран балуаны Саид Моллаидан басым түсті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

81 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан отандасымыз Дидар бірінші Владимир Золоевті, кейін ширек ресейлік Аслан Лаппинаговты жеңіп, ширек финалға шықты. Ширек финалда израиль балуаны Муки Сагиге есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде болгариялық Ивайло Ивановты ұтып, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, «Grand Slam» турнирінің бірінші күнінде қазақстандық дзюдошылар Ерлан Серікжанов (66 кг) күміс, Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) қола медаль алған болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал