09.04.2018, 10:36 718 Қазақстандық дзюдошылар Анталиядағы Гран-приде жүлделі орынға іліне алмады

Қазақстандық дзюдошылар Анталиядағы Гран-при кезеңінде сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, отандастарымыз жүлделі орынға іліне алмады. Үш дзюдошымыз жарыс қорытындысы бойынша бесінші орын алды: Ержан Еренғайыпов (60 келі), Елдос Жұмақанов (66 келі) және Камила Берликаш (+78 келі).

Тағы үш дзюдошымыз жетінші орында жайғасты: Севара Нишанбаева (57 келі), Зарина Райфова (78 келі) және Гүлжан Исанова (+78 келі).

Фото: ijf.org

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал