10.08.2018, 11:22 103 Қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарында үш медаль жеңіп алуды көздеп отыр

 

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов Азия ойындарының алдындағы басты мақсатты атады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас бапкердің айтуынша, құрама спортшылары төртжылдықтың басты додасына қызу дайындалып жатыр. 

"Азия ойындарына дайындық өте жоғары деңгейде өтті. Біз Гран-При, Гран-Слэм турнирлері арқылы Азиадаға баратын спортшылар тізімін анықтадық. Жазғы Азия ойындарында 1 алты, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алсақ деген ойымыз бар", - дейді Айдын Смағұлов. 

Азия ойындарындағы дзюдошылар бәсекесі 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал