26.03.2018, 7:54 678 Қазақстандық дзюдошылар Германиядан 5 медальмен қайтты

Германияның Бремен қаласында дзюдодан жастар арасында дәстүрлі "Мастер Бремен" турнирі өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

 

Турнирге 22 елден 930 жас татами шеберлері қатысты. Қазақстандық дзюдошылар аталмыш жарыста 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідей:

55 кг
Алтын - Дамир Болатбеков (Алматы облысы)
Күміс - Болат Білал (Жамбыл облысы)
60 кг
Қола - Алмаз Ғалымов (Алматы қаласы)
66 кг
Қола - Бақытжан Абдурахманов (ОҚО)
Қола - Ильяс Нусупбаев (Алматы облысы)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал