25.07.2018, 14:46 1088 Қазақстандық Гатти атақты Эгис Климастың командасын толықтыруы мүмкін

Қазақстандық боксшы Айдын «Gatti» Елжанов АҚШ-та атақты Эгис Климастың бокс залында іріктеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Елжанов бірнеше күн бұрын Окснардқа келді. Бұл жерде ол Эгис Климастың бокс мектебінде жаттығып жатыр.

Айта кетейік, Айдын Елжанов бір жаттығу залында мынандай қазақстандық боксшылармен шеберлігін шыңдап жатыр: Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов, Асхат Уәлиханов және Сағадат Рахманқұлов.

Алайда, отандасымыз бұл жайтты «әзірге тек қана жаттығып жатырмыз» деп түсіндірген еді.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал