02.05.2018, 17:51 1042 Қазақстандық гимнасшылар жасөспірімдер арасындағы Азия кубогында сәтті өнер көрсетті

Малайзияның Куала-Лумпур қаласында көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жерлесіміз Роза Абитова құрсау және доппен жаттығуда үздік атанды. Күрзімен жаттығуда Сабина Бақатова жеңіске жетті. Лентамен жаттығуда Айбота Ертайқызы үшінші орын алды.

Топтық жаттығуда біздің қыздар (Аруана Садубаева, Балқыз Елшібек, Дильноза Мансұр, Ясмин Алиева, Дерия Тоқдемир, Дияра Аппас) күміс жүлдеге қол жеткізді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал