10.07.2018, 19:00 683 Қазақстандық каратэ-до годзю-рю шеберлері әлем кубогынан олжалы оралды

Украинаның Одесса қаласында өткен халықаралық сында еліміздің спортшылары жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Шығыс жекпе-жегінің шеберлері 7 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдеге қол созды. Бүгін әлем кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Астана әуежайынан жақындары құрметпен күтіп алды. Әлем кубогына Қазақстан атынан Окинава және Мейбукан қауымдастықтарының спортшылары қатысты. Окинава годзю-рю бағытында төрт жігітіміз жүлделі болды. Мардан Заманбек күміс медальді мойнына тақса, Жаңбыр Бейбарыс пен Вячеслав Хороших та жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал атыраулық Болат Ізбасқанов төрт бағдарламада топ жарып, әлем кубогының абсолютті чемпионы атанды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал