11.06.2018, 23:23 996 Қазақстандық каратэшілер премьер-лигадан үш медаль жеңіп алды

Түркияның Стамбул қаласында өткен каратэден Премьер-лига кезеңінде қазақстандық спортшылар үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

67 келідегі Дидар Әмірәлі, 60 келідегі Дархан Асаділов және 61 келідегі Мадина Өтелбаевалар қола жүлдегер атанды.

Осыдан соң, Дархан Асаділов әлемдік рейтингте 6 сатыға жоғарылады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал