17.02.2018, 7:22 836 Қазақстандық хоккейшілер Еурочеллендж турнирін жеңіспен бастады


Хоккейден Қазақстан құрамасы Польшаның Катовице қаласында өтіп жатқан Еурочеллендж матчында Венгрияны 5:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері есепті ойынның 7-минутында ашты (Мамлюков). Екінші кезеңде қазақстандықтар қарсыластардың қақпасына екінші шайбаны енгізді (Жайлауов). Үшінші жиырмасыншы минутта венгрлер өз есептерін ашты (Гарат). Алайда, ҚР құрамасы бір минуттың ішінде тағы екі нәтижелі соққы жасай алды (Михайлис, Старченко). Кейін венгрлер кезекті голдарын (Шофрон) салды, бірақ біздің хоккейшілер де қарап қалмады (Старченко). Есеп - 5:2.
Айта кетейік, Астана уақытымен сағат 01.00-де Еурочеллендждің поляктар мен италиялықтар арасындағы екінші матчы басталады. Мәмбеталиевтің командасы ақпанның 17-сінен 18-іне қараған түні - поляктармен (басталуы 01.00), 18 ақпанда италиялықтармен (басталуы 20.30) бақ таластырады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал