26.03.2018, 1:21 795 Қазақстандық конькишілер Минсктен жүлделі оралды

Қазақстандық конькишілер Минскте өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

1500 метр қашықтыққа сайыста екі бірдей спортшымыз жүдлелі орыннан көрінді. Иван Аржаников чемпион атанса, Демьян Гаврилов қола жүлдені қанағат тұтты.

Жалпы Минскте өткен әлем біріншілігінде отандасырымыз жалы саны алты медальға қол жеткізді: 1 алтын, 1 күміс, 4 қола.

Жүлделі орынға ілінген қазақстандықтар:

Артем Крикунов — қола, 500 метр

Дмитрий Морозов — қола, 5 000 метр

Иван Аржаников — алтын, 1 500 метр

Демьян Гаврилов — қола, 1 500 метр

Командалық спринт — қола

Командалық сайыс — күміс

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал