24.07.2018, 2:46 2109 Қазақстандық «Месси» «Қайратқа» ауыспайды

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет «Уфа» ресейлік премьер-лига клубының сапында жаттығуын жалғастырып жатыр.

Еске салайық, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында Еркебұлан жақын уақытта алматылық «Қайратқа» келуі мүмкіндігін жазған болатын. Бұл жанкүйерлер мен мамандар тарапынан үлкен қызығушылық туғызған еді. Алайда футболшы бұл мәліметті жоққа шығарды. Ол Instagram-дағы парақшасында: «Жоқ, бұл қауесет», - деп жауап берді.

Айта кетейік, өткен маусымның соңында Сейдахмет жарақат алып, ұзақ уақыт бойы қалпына келді. Бұл уақыт ішінде клубтың бас бапкері ауысты. Сергей Семак Санкт-петербургтің «Зенитіне» кетті. Дегенмен, «Уфаның» басшылығы қазақстандық жас футболшыға әлі де қызығушылық білдіріп отырғандарын мәлім етті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал