29.07.2018, 14:56 875 Қазақстандық нокаутшы ALASH PRIDE турнирінде дағыстандыққа қылқындыру тәсілін қолданды

Қазақстандық ММА шебері Мақсат Өміртаев ALASH PRIDE турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
28 шілдеде Қапшағайда ALASH PRIDE турнирінде қарағандылық нокаутшы Өміртаев «Горец» клубының балуаны ресейлік Шамиль Алиевпен (3-1) күш сынасты.
Қазақстандық бұл айқаста қырғыз балуаны Магамед Құрбановпен кездесуі тиіс болған, алайда турнирге аз уақыт қалғанда оның қарсыласы ауысты.
Шамиль Алиевке қарсы жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Мақсат өз қарсыласын «үшбұрыш» қылқындыру тәсілімен жеңді.
Бұл қарағандылықтың бесінші жеңісі. Ол кәсіби айқаста бір рет қана сүрінген.
Еске салайық, Мақсат Өміртаев «Қарағанды Top Team» клубының өкілі. Ол Рашид Дағаевтың қол астында жаттығып жүр.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал