21.02.2018, 15:00 846 Қазақстандық шаңғышы қыздар жартылай финалда сүрінді

Қазақстандық шаңғышы қыздар  командалық спринт жарысында жартылай финалдан сүрініп, 10-шы орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Шаңғышыларымыз Анна Шевченко мен Валерия Тюленева тек Олимпиада қожайындарынан ғана оза алды. Жарыста топ жарған норвегиялық Марит Бьерген мен Майкен Касперсен болды. Олардың нәтижесі біздің құрамадан 1:23.76 минутқа ерте тіркелді. Финалға екінші болып Швейцария елінің спортшылары жолдама алды.

15:15-те командалық спринт сайысына ерлер құрамасы шығады. Жарысқа Қазақстанның атынан Денис Волотка мен Алексей Полтаранин қатысады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал