20.02.2018, 16:41 712 Қазақстандық шорт-трекші қыздар іріктеуден өтпей қалды

ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында бүгін шорт-трекшілерміз мұз айдында шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» CAA тілшісі.

Шорт-тректен әйелдер арасында 1000 метрлік іріктеу сынында отандастарымыз арасынан Анастасия Крестова мен Ким Йонг бақ сынап, алғашқы іріктеу сынынан өтпей қалды.

Анастасия Крестова мұз айдынға екінші топта шықты. Ол өз тобында аталған қашықтықты 1:31.557 уақытта жүгіріп өтіп, үшінші орынға ие болды. Нәтижесінде ол ширек финалға шыға алған жоқ. Ал Оңтүстік Кореядан арнайы келіп, Қазақстан туы астында сынға түсіп жатқан Ким Йонг үшінші топта сынға түсіп, ол да өз тобында үшінші орынға табан тіреп, келесі кезеңге өтпей қалды. Ким Йонг 1000 метрді 1:29.703 уақытта жүгіріп өтті.

Енді санаулы минуттардан кейін, ерлер арасында 500 метр қашықтықта Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев және Денис Никиша өнер көрсетеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал