12.11.2018, 10:50 7657 Қазақстандық шорт-тректен әлем кубогында үздік төрттікке енді

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен әлем кубогінің екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Америка төріндегі додаға визаның уақытылы дайын болмауына байланысты құрама үздіктері қатыса алмаған болатын. Атап айтар болсақ, Абзал Әжіғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев Калгаридегі алғашқы кезеңнен соң елге оралып, жаттығу өткізуде. 

Солт-Лейк-Ситиде Қазақстан командасы сапынан ең жоғарғы нәтижені Денис Никиша тіркеді. Ол 500 метрге жарысудан мәреге төртінші болып келді. 

Қазақстан спортшыларының өзге нәтижелері төмендегідей: 

Әйелдер:

500 м

Ольга Тихонова – 36 орын

1000 м 

Әлия Ким Ионг – 9 орын

Ольга Тихнонова 26 орын

1500 м

Әлия Ким Ионг – 26 орын

Ерлер:

1000 м

Денис Никиша – 12 орын

Мерсаид Жақсыбаев – 24 орын

Еркебұлан Шамұханов – 25 орын 

Нұртілек Қажығалиев – 26 орын

1500 м

Еркебұлан Шамұханов – 18 орын

Нұртілек Қажығалиев – 36 орын

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал