20.08.2018, 13:16 675 Қазақстандық спортшы Азия ойындарының рекордын жаңартты

Мария Дмитриенко стенд атудан Азия ойындарының финалына жолдама алып, Азиаданың рекордын жаңартты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

«Трап» категориясында сынға түскен Дмитриенко іріктеу айналымының екінші кезеңінде де көш бастады.

Ол 119 ұпай жинап, Азия ойындарының рекордын жаңартқан болатын. Ливаннан келген мерген де тап осындай нәтиже тіркеді. 

«Трап» бағдарламасы бойынша ерлер арасында сынға түсіп жатқан Виктор Хасянов та финалда өнер көрсетеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал