22.10.2018, 15:57 899 Қазақстандық спортшылар ескек есуден Азия чемпионатында үш медаль еншіледі

20-25 қазан аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында байдарка мен каноеде ескек есуден 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҮОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ересектер арасындағы Азия кубогі додасы да жалауын көтерді. Қазақстандық спортшылар бүгінге дейін үш медаль олжалады.

23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдаркамен 1000 метрге жарысудан Александр Медведев 2-ші орын иеленді. Ал жасөспірімдер арасындағы дәл осы бәсекеде Кирилл Тубаев чемпион атанды.

Каноешілер сынында Алтынбек Қожахметке тең келер ешкім болған жоқ. Ол 1000 метрге жарысудан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атағына қол жеткізді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал