09.07.2018, 10:00 842 Қазақстандық суда жүзушілер Open de France 2018 жарысына қатысып жатыр

Францияның Шартр қаласында суда жүзуден елдің ашық чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сынға Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай мен Айбек Қамзенов қатысуда, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күнінде Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үшінші орын алды. Ол осы қашықтықтағы әлем рекордшысы, украиналық Андрей Говоров пен бразилиялық спринтер Педро Виейраға ғана жол берді. Ал Айбек Қамзенов 50 метрга брасс әдісімен жүзуде алтыншы нәтиже көрсетті. 

Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин бастаған ұлттық құраманың өзге мүшелері Словенияның Марибор қаласында жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал