14.11.2018, 8:25 5466 Қазақстандық таеквандошылар Тайваньдағы Президент кубогынан үш медаль жеңіп алды

Тайваньда таеквондодан Президент кубогы додасы аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

10-13 қараша аралығында өткен жарысқа Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысқан болатын. 

Турнир нәтижесі бойынша, 73 келіде бақ сынаған Жансель Дениз екінші орын иеленді. 

Руслан Жапаров пен Смайыл Дүйсебайдың еншісінде қола медаль бар. 

Еске сала кетейік, Смайыл Дүйсебай желтоқсанда өтетін Гран-при кезеңінің финалдық сынына қатысады. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал