27.05.2018, 18:00 878 Қазақстандық таеквондошылар Аустриядан жүлделі оралды

Инсбрук қаласында таеквондодан кадеттер арасында халықаралық «Austrian Open 2018 G1» турнирі аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша 5 медаль иеленді (3 алтын, 2 қола).

Рита Бакишева (37 келі), Бекзат Тілегенов (61 келі) және Мақсатбек Абдуақитов (65 келі) чемпион атанса, Ажара Аубакирова (44 келі) мен Ромина Белиалова (59 келі) қола медальді қанағат тұтты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал