18.09.2018, 17:53 1632 Қазақстандық таеквондошылар Тайпейдегі Гран-при турниріне аттанды

Ертең Тайпейдің Таоюань қаласында таеквондодан G4 санатындағы Гран-при турнирі өтеді. Аталған сынға төрт қазақстандық спортшы қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Гран-при бәсекесінде ел намысын Жансель Дениз (67 келі), Руслан Жаппаров (80 келіден жоғары), Нұрлан Мырзабаев (80 келіге дейін) және Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін) қорғайды.

Алғаш болып ауыр салмақтағы спортшылар  - Руслан Жаппаров пен Смайыл Дүйсебай жүлдеге таласады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал