11.05.2018, 11:02 605 Қазақстандық таэквондшылар халықаралық турнирде топ жарды

Ақмола облысының таэквондшылар халықаралық турнирде 2 алтын, 3 күміс және 1 қол медаль иеленді.
Ақмола облысының денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның айтуынша, Алматы қаласында WT таэквонда бойынша халықаралық турнир өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірі мен шет елдерден келген барлығы 750 жуық спортшы қатысты. Оның ішінде ақмолалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.
«Алты дүркін әлем чемпионы Мұстафа Өзтүрікті еске алуға арналған турнирге 14 ақмолалық жас таэкондшы қатысып, бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша 44 келі салмақтағылар арасында Кәмила Қайыргелді мен 24 келі салмақта сынға түскен Дәнекер Кенжебай жарыс жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Кенжебай Мадияр (37 кг), Аружан Сәкенов (59 кг), 6-7 жастағылар арасында Батырхан Урманов күміс, Ерсұлтан Дүйсембин (78 кг) қол жүлдеге ие болды. Бұған қоса, Бекзат Смағұлов «Жеңіске деген жігері» аталымына лайық деп танылды. Спортшыларды тәжірибелі тәлімгерлер Ержан Урманов пен Ғалымжан Мырзагелді жаттықтырады», - дейді Махаббат Большина.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал