26.02.2018, 12:03 1130 Қазақстандық теннисші атақты Акапулько турниріне қатысады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мексикадагы жарыстың негігі турниріне қатысатын болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Бублик Мексика ашық чемпионатының іріктеу сайысында америкалық Майкл Ммо-ны 6:4, 1:6, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Артынан финалда Жапониядан келген Таро Дэниелді 6:4, 7:6 (7:4) қылып жеңді. Айта кетейік, Дэниел іріктеу сынының бірінші ракеткасы болып тіркелген екен.   

Акапулько жарысына атақты теннисшілер Роджер Федерер, Рафаэль Надаль, Доминик Тим және басқа да белгілі спортшылар қатысады.  

Турнирдің жүлде қоры 1,6 миллион долларды құрайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал