13.04.2018, 16:11 691 Қазақстандық теннисші Парагвай ашық чемпионатында жеңімпаз атанды

Асунсьон қаласында үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Парагвай ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы үш күнінде командалық сайыстар өтті. Интерұлттық құрамда Зәуреш Ақашева (Қазақстан) мен Гой Руй Хуан (Сингапур) 3:0 есебімен Чили, Парагвай, Бразилия, Гватемала және Перу командаларын жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал