21.05.2018, 12:24 679 Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде бірден 88 орынға жоғарылады

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өкілдерінің жаңартылған рейтингі шықты.
Рейтингте румындық спортшы Симона Халеп көш бастап тұр. Екінші орынды - дат теннисшісі Каролин Возняцки иеленсе, алғашқы үштікті испаниялық Гарбинье Мугуруса тұйықтап тұр.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс жеке разрядта бір орынға көтеріліп, 53-орынға жайғасты. Біздің тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева 13 орын төмен түсіп, 93-позицияны иеленді. Жұптық разряд рейтингінде Галина Воскобоева 88 орын жоғары көтеріліп, 186-орынды алды.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал