23.08.2018, 14:12 618 Қазақстандық теннисшілер жұптық сында жартылай финалға өтті

Теннистен Анна Данилина мен Гозаль Айнитдинова жұбы Азия ойындарының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұптық сында жерлестеріміз қытайлық қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді (2:6, 6:3, 10:5). 

Жартылай финалда Данилина мен Айнитдинова Тайвань елінің өкілдерімен кездеседі. Теннисшілер финал жолдамасына таласады. 

Теннис ережесі бойынша, жартылай финалда жеңілген команда қола жүлдегер атанады. 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал