03.05.2018, 14:40 933 Қазақстандық тоғызқұмалақшылар қарсылас шақ келтірмеді

27 сəуір мен 2 мамыр аралығында Туркияның Анталия қаласында «Antaliya Open-2018» Халықаралық зияткерлік ойындар фестивалі аясында төл ойынымыз тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті.
Тоғызқұмалақ қауымдастығының баспасөз қызметі мәлім еткендей «Antaliya Open-2018» Халықаралық зияткерлік ойындар фестивалінде тоғызқұмалақ ойынынан өзге манкала және бестемшеден жарыстар өтті. Қазақстандық ойыншылар аталған ойындардың барлығында бақ сынады. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Түркиядан жалпы 100-ден аса спортшы қатысты.
Тоғызқұмалақ ойыны мен бестемшеден өткен жарыста жерлестеріміз қарсылас шақ келтірмей, бас жүлделерді жеңіп алса, манкала ойынынан қырғыздардың мерейі үстем болды.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал