24.04.2018, 13:01 772 Қазақстандық төреші Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде қазылық етеді

ФИФА төрешісінің көмекшісі, ақтөбелік Юрий Тихонюк 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында Еуропа Чемпионатының 2017/2018 финалдық кезеңінің матчтарына төрелік етеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

2017/18 жылғы Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңі 4-20 мамыр аралығында Англияда өтеді. Турнирдің бұл кезеңіне алаң қожайындарынан бөлек, Италия, Португалия, Испания, Голландия, Германии, Сербия және басқа құрамалар қатысады.

Айта кетейік, Юрий Тихонюк өткен маусымда ФИФА төрешісінің көмекшісі ретінде халықаралық турнирлерде қызмет ете бастаған еді. Биыл ақтөбелік төреші Еуропа жарыстарына алғаш рет шақырту алып отыр.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал