09.10.2018, 22:22 1291 Қазақстандық төрешілер Еуропа ареналарында қызмет атқарды

Еуропаның ресми матчтарында Қазақстанның төрешілері еңбек етті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында бас төреші Данияр Сахи (Қызылорда) мен бас төрешінің көмекшісі Айдын Тасыбаев (Павлодар) Венгрияда өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде қызмет атқарды. Алғашқы ойында венгриялық төрешілермен бірге Сербия–Литва (2:1) ойынында жұмыс істеді. Кейін Швециядан келген төрешілермен бірге  Венгрия–Литва (3:0) және Венгрия–Сербия (1:0) ойындарына төрелік етті. 

3 қазан күні шымкенттік Фуркат Атажанов бастаған төрешілер тобы жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар Лигасында «Алтынорду» (Түркия) мен ХИК (Финляндия) матчында еңбек етті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Бас төрешіге қос қапталдан Азамат Ахметов (Қызылорда) пен Дархан Төлегенов (Шымкент) көмектесті. 

26 қыркүйек күні теміртаулық Эльвира Нұрмұстафина бастаған тағы бір қазақстандық топ әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/16 финалындағы «Бавария» (Германия) пен «Спартак Суботица» (Сербия) командаларының қарымта кездесуіне қазылық етті. Бас төрешінің көмекшілері - Елена Алистратова (Қостанай) және Динара Ыдырысова (Шымкент). Қосалқы төреші қарағандылық Татьяна Сорокопудова болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал