22.05.2018, 17:50 767 Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде қазылық етті

ФИФА төрешісінің көмекшілері қазақстандық Юрий Тихонюк пен Елена Алистратова 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Еуропа Чемпионатының финалдық матчтарында қызмет атқарды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

17 жасқа дейінгі 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңі 4-20 мамыр аралығында Англияда өтті. Шешуші бәсекеге Англия, Италия, Португалия, Испания, Голландия, Германия, Сербия және басқа да елдер қатысты.

Англияда өткен жарыста ақтөбелік төреші топтық кезеңнің төрт ойынында қызмет атқарды: Швеция U-17 - Португалия U-17 (1:0), Англия U-17 – Италия U-17 (2:1), Дания U-17 - Босния және Герцеговина U-17 (2:3), Голландия U-17 – Испания U-17 (2:0).

Финалда Италия құрамасымен кездесіп, матч соңындағы пенальти сериясында жеңіске жеткен Голландия құрамасы турнир жеңімпазы атанды.

Ал қыздар арасындағы турнир 9-21 мамыр аралығында Литвада өтті. Қазақстандық төреші Польша U-17 – Англия U-17 (2:2), Германия U-17 – Голландия U-17 (2:2), Англия U-17 – Италия U-17 (4:0) кездесулерінде қызмет атқарды.

Испания құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Олар финалда Германияны 2:0 есебімен ұтты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал