10.09.2018, 8:24 1293 Қазақстандық төрешілер Еуропа Чемпионатының іріктеу матчында қазылық етеді

Молдова U21 - Сан-Марино U21 матчы 10 қыркүйек күні Молдованың Орхей қаласында өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Данияр Сахи бастаған отандық төрешілер тобы 2019 жылғы жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирініндегі Молдова мен Сан-Марино құрамалары арасындағы ойынға төрелік етеді. Бас төрешіге қос қапталдан Айдын Тасыбаев пен Сергей Васютин көмектеседі. Төртінші төреші - Арман Есмұратов.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал