04.04.2018, 7:17 803 Қазақстандық ватерполшылар Оклендтегі Әлем кубогын жеңіспен бастады

 

Су добынан Қазақстан құрамасы (ерлер мен әйелдер) Оклендте өтіп жатқан Әлемдік лигасының Интерқұрлықтық кубогын жеңіспен бастады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ерлер құрамасы турнирдің тұсаукесер матчында Канада командасынан 10:9 есебімен басым түсті. Енді ертең отандастарымыз Аргентина құрамасымен күш сынасады.

Әйелдер құрамасы болса Жаңа Зеландияның екінші командасын 19:5 есебімен тас-талқан етті. Ертең жерлестеріміз Аустралия ұжымымен кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал