17.06.2018, 12:30 1115 Қазақстандық волейболшылар Оңтүстік Кореяға есе жіберді

Волейболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі құрама 6-7 орынға таласу құқығын иелену үшін сайысқан болатын.

Өкінішке қарай, қазақстандық қыздар кореялық құрдастарынан жеңісті тартып ала алмады. Қазақстан құрамасы бірінші сетте 25:19 есебімен алға шыққан еді. Алайда, қалған үш сетте 9-25, 13-25, 15-25 есебімен ұтылып қалды.

Енді Оңтүстік Корея құрамасы Иран/Вьетнам жұбының жеңімпазымен бірге 5-6 орынға таласады. Ал қазақстандықтар 7-8 орын үшін күреседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал