02.06.2018, 10:00 802 Қазақстандық жасөспірімдер Азия чемпионатына қатысады

7-10 маусым күндері Жапонияның Гифу қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы 18-ші Азия чемпионаты өтеді.

Бұл 20 жасқа дейінгі спортшылар үшін құрлықтағы ең басты дода болмақ деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасаған Olympic.kz.

Құрлықтағы 40-тан астам мемлекеттің спортшылары 44 медаль жиынтығын сарапқа салады (ерлер мен әйелдер 22-ден). Олардың қатарында Қазақстан атлеттері де бар.

Азия чемпионаттарында (U-20) біздің құрама бүгінге дейін 67 жүлде жеңіп алған (17 алтын, 22 күміс, 28 қола) және бейресми командалық есепте тоғызыншы орында тұр.

Ал сөзсіз көшбасшы қатарында Қытай (562), Жапония (392) және Катар (116) тұр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал