25.03.2018, 1:58 843 Қазақстандық жеңіл атлеттер жартылай марафоннан әлем чемпионатындағы өнерлерін аяқтады

24 наурыз күні Испанияның Валенсия қаласында жартылай марафоннан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Осымен 23-ші рет ұйымдастырылған әлем чемпионатына жалпы саны 279 кәсіби атлет қатысты (157 ер, 122 әйел спортшы). Сондай-ақ олармен бірге 15 мыңға жуық әуесқой марафоншылар жүгірді. 

Әлем чемпионатында әйелдер арасында рекорд та тіркелді. 22 жастағы Эфиопия атлеті Нетсанет Гудете Кебеде 21 шақырымды 1:06.11 сағатта кесіп өтті. Сөйтіп, ол осыдан 11 жыл бұрынғы тегі кениялық Голландия спортшысы Лорна Киплагаттың (1:06.25 сағ) рекордын жаңартты.

Екінші орын Кения спортшысы Джойселин Джепкосгейге бұйырды (1:04.51 сағ). Ол чемпионнан 43 секундқа қалып қойды. Үштікті тағы бір кеиялық Паулина Камулу (+0,45 сек) түйіндеді.

Қазақстан атынан қатысқан Жанна Мамажанова мен Дана Айдосова тиісінше, мәреге 106 және 107-ші болып келді. Жеңімпаздан екеуі 16-минутқа қалып қойды. Ал Елена Елена Наназиашвили жарыстан шығып қалды.

Жартылай марафоннан әлем чемпионаты (21 шақырым 097,5 м). Испания, Валенсия. Әйелдер, жекелей жарыс:

1.     Нетсанет Гудета Кебеде (Эфиопия) – 1:06.11 сағ – WRwo

2.     Джойселин Джепкосгей (Кения) – 1:06.54 сағ

3.     Паулина Камулу (Кения) – 1:06.56 сағ

 106. Жанна Мамажанова (Қазақстан) – 1:22.35 сағ

107. Дана Айдосова (Қазақстан) – 1:22.43 сағ

… Елена Наназиашвили (Қазақстан) – DNF

Командалық жарыс:

1. Эфиопия – 3:22.27 сағ

2. Кения – 3:23.02 сағ

3. Бахрейн – 3:23.39 сағ

Ерлерден 25 жастағы кениялық Джеффри Камворор хет-трик жасады. Бұған дейін 2014 және 2016 жылдары да бірінші орынды ешкімге бермеген Камворор осымен үшінші рет әлем чемпионы атанды. Уақыт көрсеткіші –1:00.02 сағат. Күміс медальға ие болған Абрахам Черобен (Бахрейн) сағемпионға 20 секундқа ұтылып қалды. Үшінші болып, мәреге Айрон Кифле (Эритрея) жетті.

Қазақстан спортшыларынан ең жоғары нәтиже көрсеткен Михаил Красилов аталған қашықтықты 1:06.49 сағатта жүгіріп өтіп, 109-шы болып келді. Ал қалған атлеттердің нәтижесі төмендегідей:

Жартылай марафоннан әлем чемпионаты (21 шақырым 097,5 м). Испания, Валенсия. Ерлер, жекелей жарыс:

1.     Джеффри Камворор (Кения) – 1:00.02 сағ

2.     Абрахам Черобен (Бахрейн) – 1:00.22 сағ

3.     Айрон Кифле (Эритрея) – 1:00.31 сағ

… 109. Михаил Красилов (Қазақстан) – 1:06.49 сағ

… 125. Андрей Лейменов (Қазақстан) – 1:09.31 сағ

… 129. Алексей Гусаров (Қазақстан) – 1:09.49 сағ

… 133. Әмір Байтоқанов (Қазақстан) – 1:11.04 сағ

… 142. Артем Косинов (Қазақстан) – 1:15.26 сағ

 

Командалық жарыс:

1. Эфиопия – 3:02.14 сағ

2. Кения – 3:02.40 сағ

3. Бахрейн – 3:02.52 сағ

… 22. Қазақстан – 3:26.09 сағ

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал