13.08.2018, 18:52 9687 Қазақстандық жеңіл атлеттер жасөспірімдер Олимпиадасына тағы екі жолдама жеңіп алды

 

Буэнос-Айресте өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын отандық жеңіл атлеттер саны тағы екіге көбейді. Қызылордалық Галина Панасенко мен петропавлдық Кристина Морозова екі жолдаманы еншіледі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, азия аймақтық іріктеу турнирі 4-5 шілде күндері Бангкокте өткен болатын. 

Галина Панасенко 2000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруде төртінші орын иеленсе, Кристина Морозова 5 шақырымға созылатын спорттық жүрісте төртікке енген. Бұл екі бағдарламада екі жолдама ойнатылған болатын. Алайда, халықаралық федерация төртінші орын иемденген қазақстандық спортшыларға шақырту жіберді. 

Осылайша, жеңіл атлеттер 6-18 қазан аралығында Аргентина астанасында өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал