15.07.2018, 22:25 783 Қазақстандық жүзгіштер Словения чемпионатының алғашқы күні 10 медаль иеленді

Словенияның Радовлица қаласында өтіп жатқан Халықаралық "42th International Swimming Championships TELEKOM 2018" турнирінің алғашқы жарыс күні қазақстандық спортшылар 10 медаль жеңіп алды.

ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 10 медальдің 3-еуі - алтын, 2-еуі - күміс және 5-еуі - қола медаль.

50 метрге брасс әдісімен жүзген Айбек Қамзенов 28.75 нәтижесін көрсетіп, чемпионаттағы ең үздік көрсеткішті тіркеді. Ал 200 метрге жүзуде үшінші болып келді. 50 метрге брасс әдісімен жүзуде Эстония мен Италия спортшыларынан қалып қойған Аделаида Пчелинцева үшінші орында.

Баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуде Әділбек Мусин алтын алса, әйелдер арасындағы осы қашықтықта Александра Шатских қола медаль иеленді.

50 метрге еркін стильмен жүзуде Әділбек Мусин мен Әділ Қасқабай тиісінше екінші, үшінші орындарды бөлісіп, Хорватия спортшысына жол берді. Ал 200 метрге еркін әдіспен жүзуде Әділ Қасқабай алтын жүлдегер атанды.

100 метрге шалқалай жүзуде Анастасия Резванцева күміс, Диана Назарова қола жүлде иеленді.

Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы өтетін XVIII Жазғы Азия ойындарына (Джакарта, Индонезия) дайындық барысында аталған турнирлерге қатысып жатыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал