28.05.2018, 11:08 636 Қазақстандықтар джиу-джитсудан Германия чемпионы белдіктерін иеленді

Өткен демалыс күндері Германияның Лимбург қаласында NAGA (North-American Grappling Association) тұжырымы бойынша джиу-джитсу мен грепплингтен дәстүрлі Германия Ашық чемпионатында Еуропаның мықты спортшылары күш сынасты.
Дархан Кәкенов ересектер арасында джиу-джитсудан Германия чемпионы белдігін (қызылкүрең) жеңіп алып, Masters (30-39 жас) бөлімінде грепплингтен Германия чемпионы атанды.
Айдар Махметов өзінің спорттық мансабында екі жыл қатарынан және үшінші рет (2001, 2017-2018) джиу-джитсудан Германия чемпионы белдігін иеленді. Ол Masters Experts бөлімінде өнер көрсетіп, Германия мен Испанияның намысын қорғаған қарсыластарына мүмкіндік бермеді.
Masters Intermediate бөлімінде грепплингтен өнер көрсеткен Германия вице-чемпионы Ойрат Махметов тәжірибелі қарсыластарынан басым түсіп, өз шеберлігін көрсетті.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал