30.07.2018, 12:14 9496 Қазақстандықтар ММА бойынша Азия чемпионатында алдына жан салмады

Қазақстанның ММА құрамасы әуесқойлар арасында өткен Азия чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Қытайдың Харбин қаласында ММА бойынша Азия чемпионаты аяқталды. Онда қазақстандық спортшылар үш алтын, бес күміс және бір қола медальды қоржынға салды.

Нұржамал Садықова (52 кг), Аслан Ораз (70 кг) және Нұрнияз Көшбаевтар (+93кг) алтын медальды иеленсе, Ақбөбек Ерғалиева (61кг), Талғат Жұмағалиев (56.7кг), Дастан Амангелді (61.2кг), Нұрбек Қабдрахманов (65.8кг) және Мұрат Әбдірахманов (93кг) күмісті еншіледі. Думан Балмұханов (84 кг) қоланы қанағат тұтты.

Осылайша, қазақстандықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орын Қытайға, үшінші орын Қырғызстан өкілдеріне бұйырды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал