15.04.2018, 16:55 763 Қазақстанның әйелдер командасы Әлем чемпионатын аяқтады

Хоккейден Қазақстанның әйелдер командасы Әлем чемпионатын аяқтады, деп хабарлайды SPORTINFORM САА.
«В» тобының соңғы турында жерлестеріміз Латвияға есе жіберді. Матчтағы жалғыз шайбаны 28-минутта Озмена қақпаға тоғытты.Қазақстан құрамасы құрамындағы үздік ойыншы атағын Алена Фукс еншіледі.
Чемпионатта Қазақстан әйелдер құрамасы 5 ойын өткізіп, 7 ұпай жинады.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал