09.04.2018, 18:00 831 Қазақстанның әйелдер құрамасы ӘЧ-2019 іріктеу кезеңінде бесінші рет жеңілді

Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасы ӘЧ-2019 іріктеу кезеңінің аясындағы өткен матчта Ресейден 0:3 есебімен жеңіліп қалды,  «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Алғашқы таймда есеп ашылмады. Ал, үзілістен кейін ресейліктер керемет нәтиже көрсетті. Бар-жоғы 11 минуттың ішінде Данилова мен Смирнова гол соғып, таблодағы есепті өзгертті. Ойын бітер шақта Смирнова тағы да көзге түсіп, есепті 3:0-ге жеткізді.

Бұл ойын Қазақстанның ӘЧ-2019 іріктеу кезеңінің аясындағы бесінші жеңілісі болып тіркелді.

Фото: ҚФФ

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал