28.05.2018, 16:49 791 Қазақстанның Әзірбайжанға қарсы құрамы анықталды. «Астана» мен «Қайраттан» 20 ойыншы шақыртылды

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Әзірбайжан құрамасымен өтетін жолдастық кездесуге шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Тізімге 24 футболшы енді:

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»);

Қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый (барлығы - «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин, Ян Вороговский, Нұралы Әліп (барлығы - «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Исламхан, Магомед Парагульгов, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (барлығы - «Қайрат»), Максим Федин («Тобыл»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де - «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей).  

Жаттықтырушылар штабы:

Станимир Стоилов – бас бапкер, Цанко Цветанов – бас бапкердің көмекшісі, Саид Ибраимов – бас бапкердің көмекшісі, Қайрат Нұрдәулетов – бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Еліміздің бас командасының оқу-жаттығу жиыны Астанада 1-6 маусым аралығында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Әзірбайжан құрамаларының арасындағы жолдастық матч 5 маусым күні  «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын 20:00-де басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал