02.05.2018, 12:24 1070 Қазақстанның қыздар құрамасы Азия Кубогында қытайларға жол берді

Қытайдың Шэнчжэнь қаласында 3х3 баскетболдан өтіп жатқан Азия Кубогында Қазақстан қыздар құрамасы плей-офф кезеңінде қытайлықтардан ұтылып қалды.
Қытайлық спорт сайтының хабарлауына қарағанда Қазақстанның қыздар құрамасы өз тобында топтық кезеңдегі екі ойында да, жеңіске жетіп, бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шыққан болатын. Өкінішке қарай ширек финалда біздің арулар жарыс қожайындары - Қытай құрамасымен күш сынасып, 16:13 есебімен ұтылып қалды.
Ал D тобында сынға түскен жігіттеріміз алғашқы екі ойында да, қарсыластарына есе жіберіп, топтық кезеңнен өте алмады. Олар бірінші ойында Жаңа Зеландия құрамасынан 22:8 есебімен ұтылса, Аустралия құрамасына 21:9 есебімен жол берді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал